«Наполи» жазғы трансферге 250 миллион еуро бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Il Mattino сайтына сілтеме жасап.

Клуб бұл соманың бір бөлігін шабуылшы Виктор Осимхенді сатудан алуды көздеп отыр.

Көптеген мәліметтерге сәйкес, команданың жаңа бас бапкері Антонио Конте болады. Бұған дейін маман командаға кімді бірінші болып қосқысы келетінін хабарланған болатын.

Маманның трансфер тізімінде Альберт Гудмундссон («Дженоа»), Артем Довбик («Жирона»), Якопо Фаццини («Эмполи»), Нуен Перес («Удинезе») және Георгий Судаков («Шахтер») бар.