«Реал Мадрид» өзінің ресми сайтында француз шабуылшысы Килиан Мбаппемен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мбаппенің «Реалмен» келісімшарты 2029 жылға дейін есептелген.

Естеріңізге сала кетейік, 25 жастағы шабуылшы ПСЖ-ға 2018 жылдың жазында «Монакодан» ауысқан болатын. Осы кезеңде ол барлық турнирде 306 матчқа қатысып, 255 гол соғып, 108 нәтижелі пас берді.

Өткен маусымда Килиан Мбаппе ПСЖ сапында 48 матч өткізіп, 44 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы француздық шабуылшыны 180 миллион еуроға бағалап отыр.