Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовтың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шынайылыққа сәйкес келмейді.

Келісімшарттың құпиялығын сақтай отыра бапкердің жалақысы жария етілмейтінін хабарлаймыз. Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды.

Ал Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды», - делінген федерация мәлімдемесінде.