«Ювентус» вингер Федерико Кьезаны сатуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Corriere dello Sport басылымына сілтеме жасап.

Тараптар 2025 жылы маусымда аяқталатын келісімшартты бойынша келісімге келе алмай жүр.

Клуб ойыншының болашағына қатысты мәселені келесі маусым басталғанға дейін шешпекші. Егер футболшы келісімшартын жаңартпаса, туриндік команда оны бір жылдан кейін тегін жоғалтып алмас үшін сатуға тырысады.

«Ювентус» футболшы үшін 25 миллион еуро талап етуі мүмкін. Кьезаға «Рома» мен АПЛ-дің бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр.

Өткен маусымда 26 жастағы вингер барлық турнирде 37 матч өткізіп, 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.