Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Простееводағы турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық теннисші сербиялық Ласло Дьереден 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 30 минутқа созылды.

Айта кетейік, Дьере келесі айналымда Д.Ли (Оңтүстік Корея) мен М.Клижан (Словакия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.