Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Бариде (Италия) өтіп жатқан Челленджер турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Құламбаева италиялық теннисші Элеонора Алвисиді екі сетте 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылды.