Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты kff.kz-ке сілтеме жасап.

Станислав Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және «Динамо» (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», Мәскеудің «Динамосы» сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның «Легиясын», Ресей құрамасын және венгриялық «Ференцварошты» басқарды.

Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:

Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)

Польша чемпионы (2015/16)

Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)

2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасы)

Венгрия чемпионы (2021/22, 2022/23)

Венгрия кубогының иегері (2021/22).