Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төртінші айналымдағы кездесуде Рыбакина украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.

Айта кетейік, Әйелдер арасындағы Францияның ашық чемпионаты 26 мамыр мен 8 маусым аралығында өтеді.

Әйелдер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 53,4 миллион еуро, турнирдің қазіргі жеңімпазы өткен жылғы финалда чехиялық Каролина Мухованы ұтқан Ига Швентек.