2020 жылдан бері жекпе-жек өткізбеген қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов (14-2-1, 12 КО) шаршы алаңға қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Эюбовтың келесі жекпе-жегі 6 тамызда АҚШ-тың Теннесси штатындағы Нэшвилл қаласында өтеді деп жоспарланған.

Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Бахтияр кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы 10 қаңтарда өткізген онда америкалық боксшы Джарон Энниспен кездесіп (31-0, 28 КО) жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, ақтөбелік кейінгі жеңісіне сонау 2018 жылы қол жеткізіп, одан кейін бір кездесуде тең түсіп, екі рет қатарынан жеңілген. Бахтияр Эюбов кәсіпқой бокстағы дебютін 2012 жылы өткізіп, жекпе-жектерінің көбін АҚШ-та болған, сонымен қатар Германияда екі рет өнер көрсетті.