Америкалық ММА менеджер Әли Әбдел-Әзиз АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп ресейлік жауынгер Хабиб Нурмагомедовтың жанкүйері екенін айтты.

«Бүгін президент Трамптың Хабибпен кездескенін көру бақыты бұйырды. Дональд Хабибке ең сүйікті жауынгері екенін айтты», — деп жазды Әли Әбдел-Әзиз.