OCTAGON лигасы 23 маусымда Алматыда өтетін алдағы турнирдің басты жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

OCTAGON 59-дың басты жекпе-жегінде вакантты чемпиондық белбеуі үшін «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық файтер Сардор Худойбердиев (7-2) кездеседі.

Сондай-ақ жекпе-жек кеші аясында аралық салмақ дәрежесінде өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) өнер көрсетеді, қарсыласы қазақстандық Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.

Жеңіл салмақта чемпиондық атаққа басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink