Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Франция ашық чемпионатының жұптық сынындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге қазақстандық Р.Рам (АҚШ) - Д.Сэлисбери (Ұлыбритания) жұбынан жеңіліп қалды.

Кездесу 4:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.