Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бангкоктағы (Таиланд) іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол жеңілгендердің арасындағы шағын турнирдің 1/4 финалында жеңіске жетті. 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз шешуші кездесуде Александру Парашчиваны (Молдова) жеңді.

Осылайша, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париждегі Олимпиадаға толық құрамда қатысады.