Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Sport Plus Qazaqstanтелеарнасына берген сұхбатында алдағы жоспарлары туралы айтты.

«Менің басты мақсатым — Әлем чемпионы атану. Сол мақсатқа сәл қалды. Аз ғана уақыттан кейін сол жетістікке қол жеткіземін деген ойдамын», — 33 жасар спортшы.

23 мамырда Плант-Ситиде қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев украиналық боксшы Иван Редкачпен жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын, бірақ бесінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.