Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы соңғы жолдамасын алды, деп жазады Olympic.kz.

63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы шешуші жекпе-жекте молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құрамда барады.