Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы үздіктерінің бірі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдама алды, деп жазады Olympic.kz.

50 келі салмақта бақ сынаған Назым шешуші айқаста Солтүстік Корея спортшысынан басым түсті.

Айта кетейік, бұл Назымның алғашқы Олимпиадасы болмақ.

Бұған дейін Валентина Хальзова 75 келіде жолдама иеленген болатын.