Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов отандасы Ислам Махачевтың Дастин Порьеге қарсы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Нурмагомедов UFC 302 нөмірлік турнирдегі жеңіл салмақтағы чемпион титулына таласқан Махачевтың секунданты болды.

- Қазір Ислам өсті. Бұл жігіт бүгін барша адамға өз қабілет-қарымын қаншалықты білетінін және одан да көп нәрсені істей алатынын көрсетті. Адамдар өздерінің ең мықты жақтарын көрсетпеу үшін үнемі қысымға ұшырайды. Оны өз бойыңнан таба білуің керек. Бұл керемет жекпе-жек болды, - деді Нурмагомедов.