Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы алтын медаль иегері атанды.

Ерлер арасындағы еркін бағдарламада Виктор Друзин 193.7938 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Күмісті Италия, қоланы Испания спортшылары иеленді.

Әйелдер арасындағы сында Карина Магрупова төрттікке енсе, жұптық сында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина 11-орында қалды.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Эдуард Ким техникалық бағдарламада топ жарған болатын. Бұл – екі спортшының да әлем кубогындағы алғашқы алтын жүлдесі.