«Ахмат» футбол клубының бас директоры Ахмед Айдамиров команданың бас бапкері Магомед Адиевпен жаңа келісімшарт келісілгенін, бірақ оған әлі қол қойылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Матч ТВ сайтына сілтеме жасап.

— Адиевпен келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ, өйткені Қазақстан құрамасымен келісім әлі бұзылмады. «Ахматпен» келісімшарт 3 жыл мерзімге келісілді, барлық шарттар келісілді, — деді спорт менеджері.