UFC 302 турнирінің қорытындысы бойынша бонустардың иелері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ислам Махачев пен Дастин Порье кештің үздік жекпе-жегі үшін бонус алады. Жекпе-жек 5-ші раундта аяқталды. Ислам қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Сондай ақ, Махачев турнирдегі үздік өнері үшін де сыйақы алады.