Қазақстандық Дияс Тойшыбек Словенияның Копер қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметі бойынша, біздің спортшымыз атпен жаттығуда14,150 ұпай жинады.

Бірінші орынды әлем чемпионатының күміс жүлдегері украиналық Илья Ковтун, үшінші орынды хорват Матео Жугец иеленді.