Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының оныншы турының төрт ойыны өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Сағат 19:00-де «Тұран» - «Ақтөбе», «Қайрат» - «Шахтер» және «Қызылжар» - «Елімай» матчтары басталып, 21:00-де «Жеңіс» пен «Атырау» алаңға шығады.

Матчтарды тікелей трансляциялауды Qazsport, Q Football, Q Arena телеарналары, сондай-ақ QFL ресми сайты жүзеге асырады.