Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда Рыбакина бельгиялық Элиза Мертенсті 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, матч 1 сағат 7 минутқа созылды.

Әйелдер арасындағы Францияның ашық чемпионаты 26 мамыр мен 8 маусым аралығында өтіп жатыр.