Бангкок қаласында (Таиланд) бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 1 маусымда қазақ Назым Қызайбай кезекті жекпе-жегін өткізді.

50 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Назым Саванна Стаблимен (Ұлыбритания) кездесіп, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін осы кезеңге Валентина Хальзова да (75 келіге дейін) жолдама алған болатын