Қазақстандық ММА файтері Али Қабдолла Бангкоктағы турнирде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның жекпе-жегі турнирдегі басты жекпе-жек болмақ. Қарсыласы армениялық Мартун Межлумян.

Жекпе-жек 1 маусымда өтеді.

Бұған дейін Межлумян (14-3) ақпан айында бразилиялық Бруно Азередомен (16-9) жекпе-жек өткізуі тиіс еді, бірақ жекпе-жегі өтпей қалды.

Сәуір айында Қабдулла (9-2-1) оңтүстіккореялық Донг Гук Шинмен (6-5) кездесуі керек еді, бірақ оныңда жекпе-жегі өтпей қалған.

Айта кетейік, жекпе-жек алдында Қабдулла мен Межлумян көз түйістірді.