Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти Чемпиондар лигасының финалында Дортмундтық «Боруссияға» қарсы ойында қақпада кім тұратынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лунин тұмаумен ауырып қалды, бірақ ертең ойынға барады. «Оның жағдайы жақсы, бірақ матчта қосалқы құрамда отырады, ал Куртуа негізгі құрамда шығады», - деді Анчелотти баспасөз жиынында.

Тибо Куртуа үшін бұл биылғы жылдағы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойын болады. Бельгиялық бұған дейін жарақатына байланысты ойнамаған болатын.

«Боруссия» - «Реал Мадрид» арасындағы ойын 1 маусымда өтеді.