Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік теннисші Камилла Рахимовамен бірге Путинцева ресейлік Анна Калинская – Елена Веснина жұбымен кездесіп, екі сетте жалпы 3:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч турнирдің 1/32 финалы кезеңінде өтті.

Кездесу 1 сағат 9 минутқа созылды.