Жаздың бірінші күні Лондондағы «Уэмбли» стадионында клубтық футбол күнтізбесіндегі жылдың басты матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының финалында дортмундтық «Боруссия» пен мадридтік «Реал» кездеседі. Матчта словениялық төреші Славко Винчич қазылық етеді. «Мадрид» Чемпиондар лигасының 15-трофейі үшін күреседі, ал Дортмунд командасы екінші жүлдені жеңіп алуға тырысады.

Финал 2 маусымға қараған түні өтеді. «Боруссия» — «Реал Мадрид» матчын «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады. Ойын Астана уақытымен 23:50-де басталады.