Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы матчта Бублик/Шевченко жұбы Д.Лайович (Сербия)/М Кецманович (Сербия) дуэтін 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 38 минутқа созылды.

Келесі айналымда қазақстандық дуэт М.Гонсалес (Аргентина)/А.Мольтени (Аргентина) жұбына қарсы өнер көрсетеді.