Қазақстандық спортшылар Тайбэй қаласында өткен гір тасын көтеруден Азия чемпионатында 63 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 34 алтын, 25 күміс және 4 қола медаь иеленіп, командалық есепте екінші орыннан көрінді.

Айта кетерлігі, Чемпионатқа 16 елден 400-ге тарта спортшы қатысқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) кубалық Эрисланди Альвареске есе жіберді.