«Семей» футзалдан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық серияның бесінші матчында «Аятты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 4:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Кайо Торрес, Тейшейра, Дедезиньо және Ришат Котляров голдың авторы атанды.

Осылайша «Семей» 3:2 есебімен жартылай финалдық серияда жеңіске жетті.

Финалда семейлік клуб «Қайрат» АФК-мен кездеседі.