Бүгін қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (3-0, 2 КО) кәсіпқой деңгейдегі төртінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы үндістандық Моника Сингх (5-1, 3КО) болады.

Кездесу аса жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) өтеді.

Мұздыман салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Спортшының салмағы 53,5 келі болды.