Бүгін футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы ЕУРО-2025 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Армениямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Армавир қаласында өтті. Алаң иелері 2:1 есебімен жеңді. Қазақстандықтар сапында жалғыз голды Камила Құлмағамбетова соқты.

Еуропа чемпионаты-2025. Іріктеу кезеңі

Армения - Қазақстан 2:1

Голдар: Анна Даллакян 13 (1:0), Марал Артин 49 (2:0, пенальтиден), Камила Құлмағамбетова 70 (2:1)