«Жетісудың» 29 жастағы грузин жартылай қорғаушысы Цотне Мосиашвили алдағы ҚПЛ оныншы турындағы «Ордабасыға» қарсы ойында алаңға шықпайды.

Тоғызыншы турда «Қызылжарға» қарсы ойында (0:0) Цотне Мосиашвили екі рет ескерту алғаны үшін алаңнан қуылды. Ол алдағы уақытта «Ордабасымен» өтетін матчқа қатыспайды.

Жалпы, Цотне Мосиашвили ағымдағы чемпионатта 7 кездесу өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесуде «Жетісудың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Виктор Брага да алаңға шықпайды.