2024 жылдың 18 маусымында УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің бірінші және екінші кезеңдерінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан чемпионы «Ордабасы» бірінші іріктеу кезеңінен бастап, «еленбеген» командалардың қатарында болады.

УЕФА Чемпиондар лигасының 1-ші іріктеу кезеңінің матчтары 2024 жылдың 9/10 шілдесінде, қарымта матчтар 16/17 шілдеде өтеді.

Бүгінгі таңда шымкенттік команданың барлық ықтимал қарсыластары анықталды:

— Ференцварош (Венгрия);

— «Қарабах» (Әзербайжан);

— «Слован» (Словакия);

— «Лудогорец» (Болгария);

— HIC (Финляндия);

— «Флора» (Эстония);

— FCSB (Румыния);

— «К.И.Клаксвик» (Фарер аралдары);

— Шэмрок Роверс (Ирландия);

— Lincoln Red Imps (Гибралтар);

— TNS (Уэльс);

— «Пюник» (Армения);

— RFS (Латвия);

— «Петрокуб» (Молдова);

- «Балкани» (Косово).