Қазақстандық Назым Қызайбай Бангкоктегі іріктеу турнирінде екінші кезеңнен өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

1/8 айналымға жолдама берер жекпе-жекте ол Оңтүстік Корея өкілі Джу Хен Чоннан басым түсті.

Қызайбай бірінші раундта сенімді жеңіп, екінші раундта қарсылас есепті теңестіруге тырысты.

Десе де, төрешілер жеңісті Назымға берді.

Осылайша, Назым Қызайбай іріктеу турнирінің кезекті айналымына өтті.