Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бублик кортта Германияның теннисшісі Ян-Леннард Штруффпен (ATP 41) кездесті және үш сетте 2:6, 2:6, 3:6 жалпы есебімен жеңіліс тапты.

Ойын бір сағат 21 минутқа созылды және 1/32 финал кезеңінде өтті.