Қазақстан әйелдер құрамасының шабуылшысы Светлана Бортникова ҚФФ баспасөз қызметіне 31 мамыр күні Армавирде өтетін Арменияға қарсы матчқа дайындық жайлы айтып берді.

- Өзімді жақсы сезінемін. Жарақатымнан жазылғаннан кейін чемпионатта екі ресми матч өткізіп үлгердім. Қазір бабыма келдім. Қыздар болса, бәріне дайын. Күш-жігерімізді қайрап отырмыз. Ертең қызыққа толы жақсы ойын болады деп ойлаймын.

Ертеңгі ойынға капитан ретінде Бибігүл Нұрышева бас шығады. Үш жыл бұрын жолдастық матч өткізген едік. Одан кейін екі ресми матч өткіздік. Бәрінде жеңіске жеттік. Құдай қаласа, ертең де жеңеміз деп ойлаймын.