Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен бетпе-бет келді. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Елена ойындағы басымдықты толық қолына ала білді. Есеп – 6:4.