Ньонда (Швейцария) футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Армения, Дания және Албания құрамаларымен ойнаймыз.

6-топ:

Қазақстан

Армения

Дания

Албания

Литва және Латвияда өтетін Еуропа чемпионаты 2026 жылы 18 қаңтар – 8 ақпан аралығында болады. Іріктеу турнир 2024 жылдың 9 желтоқсанында басталады, яғни Өзбекстандағы Әлем чемпионатынан кейін. Іріктеу «үйде/сырт алаңда» жүйесімен өтеді.

Еуро-2026 іріктеу кезеңі:1-2 тур | 9-18 желтоқсан 20243-4 тур | 27 қаңтар - 5 ақпан 20255-6 тур | 7-16 сәуір 2025

Еуро-2026:

18 қаңтар - 8 ақпан 2026

Литва, Латвия

Еске сала кетейік, Әлем чемпионаты 14 қыркүйек - 6 қазан аралығында өтеді.