Біріккен күрес әлемі (UWW) Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады, деп жазады Olympic.kz.

Олимпиада ойындарында төрелік ететін 50 қазының қатарында Қазақстанның екі өкілі бар. Олар - Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай.

Лигай Токио Олимпиадасында да қызмет еткен болатын.

Айта кетелік, күрес түрлерінен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.