Канадалық ММА шолушысы Джеймс Линч жартылай орта салмақтағы UFC файтері Шавкат Рахмоновтың алдағы жоспарына болжам жасады, деп жазады Prosports.kz.

Шавкат күзде Джек Делла Маддаленамен кездесуі керек еді, бірақ аустралиялық файтердің денсаулығында ақау бар екені белгілі болды. Оның бұрын жарақат алған қолы қайта сыр беріпті, сондықтан ол тағы біраз уақыт емделеді.

«Джек Делла Маддалена жарақат алғандықтан, Шавкат Рахмонов 27 шілдеде UFC 304 турнирі аясында өтетін Леон Эдвардс vs. Белал Мухаммад жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуі керек деп ойлаймын», - деп жазды Х Линч әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов қазір UFC рейтингінде үшінші орында тұр.