Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Виченцада (Италия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түрікиялық теннисші Ерги Киркинмен бірге Қазақстан спортшысы украиналық-финдік жұп Владислав Манафов – Патрик Никлас-Салминенге қарсы ойнап, үш сетте 6:4, 5:7, 7:10 жалпы есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.

Ойын 1/8 финалдық кезеңде өтті.