Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Эльжана Таниева Париж Олимпиадасы қарсаңында Германияда жаттығады.

Бұл туралы команда бас бапкері Әлия Юсупова айтты.

"Алдағы жарыстар Еуропада өтеді. Екі әлем кубогі бар. Эльжананың бағдарламасын қиындатып, жаңарған жаттығуларды екі халықаралық жарыста байқап көреміз.

Кейін Германияда жаттығу жиынын өткіземіз. Қазіргі әлем чемпионы Дарья Варфоломеев сол жақтан. Ал Олимпиадаға бір апта қалғанда климатқа бейімделу үшін Испанияда боламыз", - деді бас бапкер. Париж Олимпиадасында көркем гимнастика бәсекесі 8-10 тамыз аралығында өтеді.