Қостанайлық «Тобыл» футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчта «Атырауды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қостанайлықтар өз алаңында 2:0 есебімен жеңді. Ойынның 40-минутында Ахмед Әл-Мессауди пенальтиден есеп ашты. Екінші таймда Жасұлан Жұмашев есепті еселеді.

Енді командалар Атырауда қарымта матч өткізеді. Бұл ойын 19 маусымда болады.

Қазақстан кубогы. Жартылай финал. Бірінші матч.

«Тобыл» - «Атырау» 2:0 (1:0)

Голдар: Әл-Мессауди 40, Жұмашев 85