Бүгін волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан «Шақыру кубогында» соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан шешуші кездесуде Вьетнаммен кездесті. Финалда қазақстандықтар 20:25, 22-25, 22-25 есебімен жеңілді.

Осылайша, Қазақстан волейболшылары турнирде екінші орын алды.

Еске салайық, біздің құрама жартылай финалда турнир қожайындарын 25:23, 25:21, 25:14 есебімен жеңген еді.