Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Виченцада (Италия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеев бірінші айналымда Тайвань теннисшісі Цэн Чунь-синьге екі сетте жол берді - 6:7, 3:6.