Неміс маманы Ханси Флик ресми түрде «Барселонаның» бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жайында каталониялық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Барселона» мен Флик 2026 жылға дейін келісімшарт жасасты.

As мәліметінше, Фликтің жылдық жалақысы 3 миллион еуро болады. Бірақ трофейлер үшін бонус қарастырылған: Чемпиондар лигасын жеңген жағдайда бір миллион еуро алады, ал Ла Лига титулы үшін оған 750 мың еуро беріледі.