Алматылық «Қайраттың» тізгінін ұстаған Александр Кержаковқа қандай мақсаттар қойылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Александр Анатольевич бүгін командамен танысты. Кешке команда оның басшылығымен алғашқы жаттығуын өткізеді. Мақсаттары жоғары - Қазақстан чемпионаты мен Лига кубогын жеңіп алу», — деді алматылық команданың медиа-офицері Арман Жақсығұлов РИА Новости сайтына.

Кержаков бүгін алматылық клубтың бас бапкері ретінде ресми хабарланған болатын.