Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы маусымдағы матчтарының кемінде 90 пайызын жеңген екінші теннисші атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ролан Гарростағы Гриет Минненмен (6/2, 6/3) бірінші раундтағы кездесуден кейін қазақстандықтың қоржынында тоғыз жеңіс пен бір жеңіліс бар (жеңіс пайызы – 90). Тек Ига Швиатек 93,8% көрсеткішпен (бір жеңіліспен 15 жеңіс) алда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 чемпионы атағын алып, Мадридтегі жарыста жартылай финалға шыққан болатын.